$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Елімізде геологиялық деректер толықтай цифрландырылады

27.05.2026ж. 17:45
Елімізде геологиялық деректер толықтай цифрландырылады
фото: 24kz

Қазақстанда көп жылдан бері қағаз күйінде сақталған геологиялық құжаттарды цифрландыру жұмысы аяқталуға жақын. Қазір тарихи деректердің 97,5%-ы сканерленген. Бұл шамамен 4,7 млн карта мен есепті қамтиды. 

Цифрландыру жұмысы жасанды интеллект технологияларын енгізуге негіз болып отыр. Қазір министрлікте бірыңғай геодеректер базасы қалыптасып жатыр. Сонымен қатар көлемі шамамен 1 терабайт болатын алғашқы ақпарат жүктелген жүйенің сынақ нұсқасы әзірленген.

 Бұл жүйе мамандарға барлық ақпаратты бір жерден қарап, қажетті мәліметті тез табуға мүмкіндік береді. Соның арқасында деректерді салыстыру мен бастапқы талдау жүргізу жеңілдейді.

 

Сондай-ақ геологтың жеке кабинеті мен интерактивті карта әзірленген. Вице-министрдің сөзінше, бұл пайдалы қазбаларды іздеу жұмысын жеделдетуге көмектеседі.