Өткен
жылы елде азық-түлік өндірісі артқан. Бұл туралы LS порталы хабарлады. Былтыр
сұйық май шығару 38,4 пайызға ұлғайған. Макарон өнімдері де 10 пайызға артып
отыр. Сүт өндірісі 10 пайыздан жоғары. Ал жарма, дәнді дақыл шығару 9 пайызға
көбейген. Сондай-ақ ет және ет өнімдері, сары май, маргарин, ірімшік пен сүзбе
өндіру көлемі 1-3 пайыз аралығында ұлғайған. Қант қызылшасы өндірісі былтыр 400
мың тоннадан асқан. Оның жартысы Алматы обылысында өсірілген. Алма алқаптарының
да 30 пайызға жуығы қайта жанданған.
Сарапшылардың айтуынша, агроөндіріс кешені
субъектілерін қаржыландыру қолжетімді болғандықтан, азық-түлік кәсіпорындарын
ашып, дамыту ісі жақсара бастаған.