Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Ресей президенті мен АҚШ Мемлекеттік хатшысы Сирия мен Украина мәселелерін талқылады

AstanaTV
25.03.2016ж. 20:00
1480
Ресей президенті мен АҚШ Мемлекеттік хатшысы Сирия мен Украина мәселелерін талқылады

Сирияға қатысты жасалған қадамдар нәтижелі болды. Тараптар өзара мәмілеге келіп, елде тыныштық орнағалы бір айдай уақыт өтті. Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керридің бірнеше сағатқа созылған келіссөздерінің басты тақырыбы осы болды.

Төрт сағатқа созылған кездесуде тараптар Сирия мен Украина мәселелерін сөз етті, деп хабарлайды Рейтерс. Келіссөздер барысында АҚШ-тың Ресейге қарсы салған санкцияларын алып тастау мәселесі де талқыланды. Оның шарттары өзгеріссіз. Яғни Ресей Минск келісімдерін орындауы тиіс.

Ал Сирия дағдарысындағы соңғы өзгерістерді Ақ үй өкілі оң бағалады. Бұған дейін ресми Вашингтон Башар Асадтың басшылықтан кетуін талап еткен-ді. Бұл талап дағдарыстың тез арада реттелуіне кедергі келтірді. Ал Ақ үй әкімшілігінің көзқарасын өзгерткен соң, іс ілгері жылжыды, дейді сарапшылар. 

Джон Керри, АҚШ Мемлекеттік хатшысы:

Көптеген байқаушылар оқ атуды тоқтату мүмкін емес деген еді. Алайда арадағы әскери, саяси серіктестіктің арқасында Сирия халқы бейбіт өмірдің дәмін сезді. Елде қатыгездік тыйылып, гуманитарлық көмек көлемі артты.

Владимир Путин, Ресей президенті:

Сирия проблемасы бойынша жетістікке қол жеткізсек, ол Американың жоғарғы саяси басшылығы мен президент Обаманың жеке ұстанымының арқасында екенін түсінеміз. Сіздің сапарыңыз Сирия мен Украина проблемаларын шешуге қатысты екі елдің көзқарастарын жақындатады деп сенемін.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ