$541.34 €640.73 ₽6.53
×

"Тудағы қыран еркіндікті паш етіп тұр", - сарапшы

AstanaTV
04.06.2026ж. 19:00
"Тудағы қыран еркіндікті паш етіп тұр", - сарапшы

Иа, Көк Ту, Елтаңба және Әнұран тәуелсіздігіміздің басты нышанына айналып, елмен бірге талай тарихи белесті бағындырды. Бүгінде қазақтың көк байрағы ғарышта , Әнұран халықаралық ареналарда шырқалып келеді. Елдіктің символына айналған рәміздер жайлы тілші тарқатады...

Бұл Жамал Омарованың 1959 Қазақ радиосынан шырқалған, композитор Шәмші Қалдаяқов пен ақын Жұмекен Нәжімеденовтің «Менің Қазақстаным» әні. Жұртқа таныс, жанға жақын шумақтар алғашында халық арасында бейресми әнұран болып орнықты.

Ал мемлекеттік гимн ретінде 2006 жылы бекітілді. Гимн шырқалғанда қолды жүрек тұсына қою жай ғана рәсім емес, ұлттың рухани ескерткішіне тағзым ету

Көк Ту мен Әнұран қай жерде шырқалса да, елдің рухын асқақтатып, бірлігін айшықтай түседі. Қазақстанның Мемлекеттік Туы талай тарихи сәттің куәсі болды. Ол ғарышқа көтеріліп, Жер шарын бірнеше мәрте айналып ұшты. Әлемнің ең биік шыңы Эверестте желбіреді. Халықаралық спорт жарыстарында жеңімпаздар тұғырына көтерілген отандастарымызбен бірге көкке көтеріліп, ел абыройын әлемге паш етті.

МАҚСАТ АЛПЫСБЕС, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, Л. Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕҰУ ПРОФЕССОРЫ:

Менандр Протектор өзінің жазбалаларында көрсеткен бұл халық- далалықтар. Олар бие сауып, биенің сүтін ішеді. Бұлар жылқыны кие тұтады. Жылқымен қатар олар күнге сыйынады деген. Сондықтан, жылқы символикасы менен күн символикасы қазақтың мемлекеттік рәміздерінде көрініс тапқаны жайдан жай нәрсе емес бұл.

Мемлекеттік рәміздерді әзірлеу кезінде ауқымды байқау ұйымдастырылған. Болашақ Әнұранның 750 нұсқасы қаралса, Елтаңбаның 245 сурет жобасы мен 67 сипаттама ұсынылылған. Кейін бұл рәміз 4 рет өзгерді. Тудың үздік үлгісін анықтау үшін арнайы комиссияға 1200-ден астам жоба келіп түскен. Бұл халықтың жаңа мемлекеттің келбетін қалыптастыруға белсенді атсалысқанын көрсетеді.

СҰЛТАН ОРАЗАЕВ, ГЕРАЛЬДИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ОРТАЛЫҒЫ ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ САРАПТАМА БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Қыран бүркіт әлем елдерінен айырмашылығы біздікінің ол елдердің қырандары көбіне қолына қару алып, қару ұстайды немесе держава дейді, скиптор болады. Тәж киеді. Немесе екі басты болады. Агрессияның жаугершіліктің символы болып тұрады. Біздің қыранға мән берсеңңіздер ол еркін, аспанда қалқып ұшып келе жатыр.

Тарихы терең, тағдыры ортақ халықтың қасиетті белгілері – Ту, Елтаңба және Әнұран. Олар өткен мен бүгінді жалғап қана қоймай, болашаққа бастайтын рухани темірқазық екені анық. Сондықтан мемлекеттік рәміздерді қастерлеу тәуелсіздікті қадірлеумен тең.