$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Атырауда биіктігі 91 метр тутұғыры алаңында көк байрақты көтеру рәсімі өтті

Атырауда биіктігі 91 метр тутұғыры алаңында көк байрақты көтеру рәсімі өтті

Ел егемендігінің айғағы – Мемлекеттік рәміздер күнін  атыраулықтар да атап өтті. Биіктігі 91 метрлік  Тутұғыр алаңында мемлекеттік Әнұран әуенімен Көкбайрағымыз көкке желбіреді.

Тутұғыр алаңы  бүгін ерекше сәнді. Жиналғандар тұтас елді біріктіріп, бейбіт өмірдің қадірін ұқтыратын мерекемен бір-бірін құттықтап мәре-сәре.   Мерекелік шараға аймақтағы мемлекеттік мекеме өкілдері, әскери бөлім сарбаздары мен қарапайым қала тұрғындары жиналды.

СЕРІК ШӘПКЕНОВ, ОБЛЫС ӘКІМІ:

Жаңа конституцияның өзіне  біздің мемелкеттік рәміздерге айрықша көңіл бөлінді. Мемлекеттік рәміздерді құрметтету,  оны пайдалану, арнайы конституциялық заңменен  бекітілетін болады. Біз өз отанымызды сүю, отанымызды қорғау,  отанымызды құрметтеу үшін ең алғашқырәміздермізіге құрмет көрсетуден бастауымыз керек.

Қаланың қай нүктесінен де көрінетін биіктігі 91 метр Тутұғыр  ерекше  рух  береді.  Сап түзеген сарбаздар да көк туды мақтанышпен көтеріп тұр. Жинағандарға  500-ге жуық үлкенді-кішілі  мемлекеттік тулар мен жалаушалар таратылды. 

МАЙРА ҚОЖЫРАҚОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Мұндай көтеріңкі көңіл-күймен өзіміздің ту тұғырға жиналып, еліміздің тәуелсіздігі, еліміздің өркендегені біз үшін үлкен қуаныш.  Сондықтан рәміздерді құрметтеу - барлығымыздың міндетіміз.  Қараңызшы, қаншама халық.  Кішкене балалардан үлкен ақсақалдарға дейін жиналып отыр.

АРМАН ІЗІМБАЙ, 41/433 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ САРБАЗЫ:

Әскери қызметшілер, біз, осы еліміздің көк туы желбіреуі үшін бар үлесімізді қосамыз.  Қазақстан Республикасына қызмет еткенімізге өте қуанамыз.  Және Қазақстан халқына , Қазақстан мәмелекеттік рәміздеріне, оның Президентіне ақтық деміміз қалғанша адал боламыз.

Бұдан бөлек мерекенің көркін қыздырып,  мемлекеттік ту бекітілген қайықтар Жайық өзенінің бойымен жүзіп өтті. Қаладағы  ірілі-ұсақты мекеме-ұйымдар мен  сауда орындарында  бір мезгілде әнұран шырқалды.