Шымкент аспанында елтаңбамыз еңселеніп, көк туымыз асқақтады! Мегаполисте Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты іс-шара жоғары деңгейде өтті. «Ел тұғыры» алаңына жас та, жасамыс та жиылып, көк байрағымызды желбіретті.
Мерекенің басты сәті – айбынды әскерилердің қасиетті көк туды алаңға салтанатты түрде алып шығуы болды. Осы сәтте жиналған қауым бір кісідей қолдарын жүрек тұсына қойып, Әнұранды шырқады.
ӘЛИЯ ЮСУПОВА, КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН СПОРТ ШЕБЕРІ:
Біздің туымыз тек қана екі рет көтеріледі: басшы үлкен іс-сапармен басқа елге барған кезде және де спортшылар үлкен додаларда, жарыстарда бірінші орын алған кезде. Әрине ол өте маңызды күн. Біз де спортшы ретінде әрқашанда күшіміздің бәрін салып, осы біздің туымыз көтерілсін деп +жақсы сәтке тырысамыз. Барша қазақстандықтарды осы мерекемен құттықтаймын.
Егемендіктің айғағы, тәуелсіздіктің тұғыры болған рәміздерді ұлықтау шарасына қала басшылығы, депутаттар, зиялы қауым өкілдері мен тұрғындары көптеп жиналды. Олар бұл күннің маңызы зор екенін айтады.
БЕКЕТ ТҰРҒАРАЕВ, ҚОҒАМ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТ ҚАЙРАТКЕРІ:
Бүгін еліміз үшін ең үлкен мерекенің бірі. Бұл еліміз егемендік алып, тәуелсіздігіміз айқындалғалы бері осы көк туымыз төбеге көтеріліп, халқымыздың үлкен патриоттық сезімін туғызған мемлекеттік рәміздер. Мұны аса құрметтеуіміз керек. 14.15-Бұл ерекше күн. Бүгін жастардың көп жиналып тұрғаны көңіл қуантады.
Салтанатты жиынның соңы патриоттық концерттік бағдарламаға ұласты. Сахна төрінде Отанды, туған жерді дәріптейтін рухты әндер шырқалып, шымкенттіктердің жүрегіне мақтаныш сезімін ұялатты.