$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Елордада қолөнершілер Қазақстанның картасын әзірледі

AstanaTV
04.06.2026ж. 19:00
Елордада қолөнершілер Қазақстанның картасын әзірледі

Елордада қолөнершілер мен жас шеберлер киіз басу тәсілімен Қазақстанның алып картасын әзірледі. «Өнермен өрілген Қазақстан» деп аталатын бірегей туындының ұзындығы - 7, ал ені - 4 метр. Еліміздің әр өңірінен келген оқушылар өз аймақтарының рәміздік таңбаларын осы ортақ картаға орналастырып, ұлттық өнердің, ел бірлігі мен ұрпақтар сабақтастығының символын қалыптастырды. Сондай-ақ, республика ұстаздары мен шеберлерінің қолынан шыққан 500-ге жуық жүннен жасалған картина мен 50-ден астам текемет бұйымдары отандық өнердің әлеуетін көрсетті. Кейінгі уақытта елімізде ұлттық қолөнерді серік етіп, кәсіпке айналдырғандардың саны айтарлықтай көбейген. Ресми статистикаға сүйенсек, креативті индустрия саласында жұмыс істейтіндердің қатары он мыңға жуықтады.