$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Асырап алған балалардың бетін күйдіріп, қинап құмырсқа жегізген патронат отбасының мүшелері сотталды

04.06.2026ж. 19:00
Асырап алған балалардың бетін күйдіріп, қинап құмырсқа жегізген патронат отбасының мүшелері сотталды

«Кипитокпен бетін күйдіріп, жаңбыр құрты мен құмырсқаны қинап жегізген. Қарағанды облысында асырап алған 6 баласын аямай азаптаған патронатты отбасы ұзақ жылға сотталды. Айыпталушылар - Қарқаралы ауданына қарасты Қоянды ауылында бұрын мектеп директоры болған 46 жастағы ер адам мен әйелі және 20 жастағы студент қызы. Облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты отбасының әкесін 12, әйелін 10 және 20 жастағы қызын 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айырды. Олар бірнеше баптармен айыпталған. Тергеушілер дәлел ретінде балалардың денесінен 47 тыртық, жарақат тапты. Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, отбасы ауылда 2018 жылы патронатты отбасылық типтегі балалар үйін құрып, 6 баланы қамқорына алған. Алайда бүкіл отбасымен ұрып –соғып, мал қора мен бақшада жұмыс істеткен.  Ыстық сумен күйдіріп, қамшымен, темірошақпен ұрған. Макаронға малдың қиларын қосып, жаңбыр құрттары мен құмырсқаны күшпен жегізген. Жан түршігерлік оқиғаны балалардың үлкені құрбысына сыр етіп айтады, кейін құрбысы өзінің анасына жеткізгенде ғана істің беті ашыла бастайды. Судъя істі қарау барысында кінәлары толық дәлелденгенін айтты. Отбасы зардап шеккен балалардың әрқайсына 10 млн теңге өтемақы төлеуі тиіс. Сондай- ақ олардың кәмелетке толмаған екі кішкентай туған балалары енді қамқоршылық органына тапсырылады. Сот сұмдық жайтты байқамай келген қамқоршылық органдарын тексеру туралы жеке қаулы шығарды. Онымен енді прокуратура айналысады. Бұған дейін үй қамақта болған әйел мен қызы сот залынан тұтқынға алынды.

БАЛАЛАРДЫҢ ӘЖЕСІ:

Түрлеріне қарап отырсаңыз олар совсем өкінбегенге ұқсайды. Көзқарастары да, айбат шегіп қарады маған. Когда нибудь бәрінөтеп болғаннан кейін де олар балаларға мейіріммен қарайды деп сенбеймін.