Павлодарда биылғы жылдың өзінде балалардың қатысумен жасалған құқық бұзушылық үш есеге өскен. Жаз басталды, балалардың бос уақыты көп. Қауіпсіздікке баса мән беру үшін тынығу орындарына басымдық берілуде. Керекуде 984 лагерь жұмыс істейді. Оның 356-сы мектеп жанынан ашылған. Толықтай бейнебақылау камераларымен жабдықталыпты. Ата-аналарға да түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Себебі, жазғы уақытта балалардың қатысуымен жасалатын оқыс оқиғалар, қылмыстар көбейіп кетеді.
АРАЙ ТӨЛЕМІСОВА, ОПД ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БАСҚАРМАСЫ ЮВЕНАЛДЫ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:
Жаз айы басталғалы бері біздің балалардың бос уақыты көбейеді. Түнгі уақытта заңды өкілсіз жүру көбейеді. енді бүгінгі таңда статистикаға қарайтын болсақ, 1020 ата-ана балалары түнгі уақытта жүргені үшін әкімшілік құқық бұзушылыққа тартылған.