$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қызылордада 16 жастағы қыздың мәйіті ауыл шетіндегі каналдан табылды

Қызылордада 16 жастағы қыздың мәйіті ауыл шетіндегі каналдан табылды

Қызылорда облысы Шиелі ауданында 16 жастағы қыздың мәйіті Жахаев ауылындағы каналдан табылды. Мамыр айында туған күнін тойлап арқа-жарқа болған ана жалғыз қызын бүгін соңғы сапарға шығарып салды.  Әзірге істің мән-жайы толық белгісіз. Жақындары тергеу амалдарының әділ өткенін талап етуде.

Балсұлу Өмірзақ қыркүйекте 11 сыныпқа баратын. Арманы асқақ, мінезі жайдары еді дейді етегі жасқа толған ана. 2 маусым күні кешкілік үйінен дүкенге барамын деп сұранып шыққан екен. Содан арада 1 тәулік өткенде жасөспірімнің денесі жақын ауылдағы каналдың шлюзінен табылған.

ГҮЛЖАЙНА ҚАЛДЫБАЕВА, АНАСЫ:

Қыздың үстінде киім жоқ, аяқ киім жоқ. Киімі әлі табылған жоқ. Аяқ киімде табылған жоқ әлі. Жазықсыз өлтіргені айдан анық қой. Жазықсыз кәдімгідей өинап солай өлтірген болып не болса да.

Оқиғаның жай жапсары Балсұлудың жақындары үшін жұмбақ болып отыр. Ұялы телефоны да табылмаған. Қайғыдан қан жұтқан отбасы тергеу амалдарының ашық, әрі әділ өткенін қалайды.

ГҮЛНАР ҚАЛДЫБАЕВА, ӘЖЕСІ:

Көз алдымда өскен қыз. Менің айтатыным тек қана адалдық, шындық. Қыздың қай жақтан қйадан табылғанын біліп отырсыңдар. Қызды кім өлтіргенін де білулерің керек қой. Ол бар идея ол бір жерде тұр. Просто айтпай жасырып отыр ма деп мен күтһдіктенемін РОВД-нығң балаларынан.

Қазарігі таңда аталмыш дерек бойынша «Адам өлтіру» бабымен қылмыстық іс қазғалған.

АСЫЛБЕК БЕКСЕЙТОВ, ОПД ТЕРГЕУ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Қазіргі уақытта қылмысты ашу және күдіктіні ұстау мақсатында тәжірибелі қызметкерлер қатарынан жедел-тергеу тобы құрылды. Оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Тергеу мүддесіне байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейді.

Жасөспірімнің жұмбақ өлімі көпшілікті дүр сілкіндірді. Осы оқиғадан кейін ел арасында түрлі қауесеттер де тарап жүр. Алайда полиция жалған ақпарат таратқаны үшін заңнамада жауапкершілік қаралғанын еске салады.