$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Павлодарда жол апатынан бір бала қайтыс болды

05.06.2026ж. 19:00
Павлодарда жол апатынан бір бала қайтыс болды

Павлодарда  жол апатынан бір бала қайтыс болды. Оқыс оқиға Баянауыл ауданына қарасты Торайғыр ауылының маңында болған. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше,  жүргізуші көлік руліне ие бола алмай қалған. Салдарынан көлік аударылып, кәмелет жасына толмаған бала алған жарақатынан ауруханада көз жұмды.

ЖАННА БІЛӘЛОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Полиция «Лада» маркалы көліктің қатысуымен болған жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғады.  Автокөлік айып тұрағына қойылды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады.