Германия
азаматы бүйрегін Шымкентте ауыстырды. Бұл Оңтүстік Қазақстанда шетел азаматына
жасалған тұңғыш операция. Дәрігерлер 4 сағатқа созылған ота сәтті өтті деп
отыр. Науқасқа украиналық туысы донор болған. Дәрігерлердің айтуынша, 50
жастағы шетел азаматын ота бағасының тым арзандығы қызықтырған. Ол 4,5 млн
теңге. Ал Еуропа мен АҚШ-та бүйрек трансплантациясының орташа құны шамамен
60-70 мың доллар шамасында екен.
Мәди
Бегалиев, Шымкент қалалық ЖМКК ауруханасының бас дәрігері:
Қазіргі таңда екеуінің де жағдайы дұрыс. Үйіне шығарайын деп жатырмыз, Құдай қаласа, шығады. Әрі қарай кезекте тұрған Румыния азаматары келе жатыр, кейін Болгариядан азаматтар келе жатыр.
Шымкентте
бүйрек ауыстыру операциясы 2013 жылдан бері қолға алынған. Содан бері жүзден
астам адамның мүшесі трансплантацияланды. Оның біреуіне мәйіт бүйрегі салынса,
өзгелеріне туыстары донор болған.