Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Лондонда салмағы 100 караттан тұратын бірегей гауһар саудаға шығарылды

AstanaTV
09.02.2018ж. 20:00
2413
Лондонда салмағы 100 караттан тұратын бірегей гауһар саудаға шығарылды

Лондонда бұлақ суындай мөп-мөлдір гауһар тас саудаға шығарылды. Sotheby's акционына қойылған бірегей тастың салмағы 100 карат. Бұл туралы Рейтерс хабарлады. Аукцион үйінің өкілдері6 ол мұндай салмақтағы бедерленген жалғыз алмаз деп отыр. Асыл зат пішінімен, түсімен және мөлдірлігімен ерекшеленеді. Салмағы 425 караттан тұратын алмаз Ботсванада табылған. Алты айлық бедерлеуден өткен соң ол 100 каратқа дейін кеміген. Бағалы тас бағасы жағынан барлық рекордтарды басып озады деген болжам бар.