$473.59 €544.68 ₽5.94
×

Астанада «BaiQymyz-2026» халықаралық гастрофестивалі өтеді

09.06.2026ж. 10:13
Астанада «BaiQymyz-2026» халықаралық гастрофестивалі өтеді
Фото: gov.kz

Астана қаласында 11–12 шілде күндері BaiQymyz-2026 халықаралық гастрофестивалі өтеді. Іс-шара елордадағы Қазанат ипподромы аумағында ұйымдастырылады.

Қазақтың ұлттық сусыны – қымызға арналған «BaiQymyz – бапталған қымыз ұлттық тағамдар гастрофестивалі» аясында өтетін бұл ірі мәдени-аграрлық шараға 60–70 мың адам келеді деп жоспарланып отыр.

Фестивальге Қазақстанның әр өңірінен, сондай-ақ Қырғызстан мен Ресей Федерациясының (Саха Республикасы) өкілдері қатысады. Жалпы саны 60-қа жуық қымыз өндіруші өз өнімін ұсынады. Қонақтар екі күн бойы қымыздан дәм татып, жылқы тұқымдары таныстырылатын көрмені тамашалай алады.

Фестивальдің басты ерекшелігі – халықаралық деңгейдегі «Ең үздік қымыз» байқауы. Жалпы жүлде қоры 45 миллион теңгені құрайды. Байқау «BaiQymyz-2026», «Ем қымыз» және «Халық таңдауы» аталымдары бойынша өтеді.

Жеңімпаздарға қаржылай сыйлықтар, арнайы кубоктар және бағалы марапаттар табысталады. Бас жүлде иесіне автокөлік беріледі.