$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Әкесінің көлігін рұқсатсыз айдап кеткен оралдық жасөспірім жарық бағанына соғылды

09.06.2026ж. 19:00
Әкесінің көлігін рұқсатсыз айдап кеткен оралдық жасөспірім жарық бағанына соғылды

Оралда әкесінің көлігін рұқсатсыз айдап кеткен жасөспірім полициядан қашам деп жарық бағанын қиратты.

Тәртіп сақшылары көлікті көп ұзатпай тапты. Алайда жасөспірім полицияның «тоқта» деген талабын елемей, қашпақ болған. Қуғын кезінде жол қозғалысы ережесін өрескел бұзып, электр бағанына соғылған. Кейін көлікті айдап кеткен өз баласы екенін білген әкесі арызынан бас тартыпты.

АЛИМА ҒАРИФУЛЛИНА, БҚО ПД АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ: 

Тексеру барысында көлікті арыз берушінің кәмелетке толмаған ұлы басқарғаны анықталды. Ол автокөлікті иесінің рұқсатынсыз айдап кеткен. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Қазір кәмелетке толмаған баланың заңды өкілдерін әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қаралып жатыр. Оларға көлік құралын басқаруға құқығы жоқ адамға рұқсат бергені және мүліктің бүлінуіне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзғаны үшін айып тағылады.