$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Тұрғын үй алу көрсеткіші 21 пайызға төмендеген

AstanaTV
09.06.2026ж. 19:00
Тұрғын үй алу көрсеткіші 21 пайызға төмендеген

Баспана мен көлік бұқараның басты арманы. Бірақ биыл қос нарықтағы белсенділік баяулаған. Ресми мәліметке сәйкес, алғашқы тоқсанда тұрғын үй сатып алу-сату мәмілелері өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 21 пайызға азайған. Автонарықтағы сауда көлемі де төмендеген. Тұрғындардың қалтасы жұқарды ма, әлде қарыз қамытын кигізі келмей ме? Тілші анықтап көрді.

Ипотека алып, үйлі боламын деген жұрт үлкен жүк арқалайтыны рас. Бүгінде баспананың бағасына қарап, сапасына келгенде сақтық танытатындар азайған. Несиеге тәуелділіктен бас тартуға не себеп?

БЛИЦ:

- Қазір несиеге көлік алуға не выгодно. Өйткені көлік көп.

- Я не беру большие кредиты. Там проценты большие.

- 2024 те алдым. Содан кейін алған жоқпын. Сол кредитімді төлеп келе жатырмын.

- Жаңадан қосылғандар үй алады. Баспаналы болады. 1-2 жылдан кейін баспанасынан айырылып қалады. Неге десеңіз? Ипотека өте қымбат.

Тұрғын үй нарығындағы өзгеріс тек бағаға ғана байланысты емес. Кейінгі жылдары халықтың қарыз жүктемесі артқан. Банктер де төлем қабілетіне қойылатын талаптарды күшейткен. Сондықтан бұрын ипотека ала алатын азаматтардың бір бөлігі қазір несие рәсімдеуде қиындыққа тап болады.

БАУЫРЖАН ЫСҚАҚ, ЭКОНОМИСТ:

Бірінші нарықтағы үйдің бағасы 15 пайызға 2 нарықтағы яғни қайталама нарықтағы үйдің бағасы 14 пайызға өскен. Ол жалпы біздегі мынау жалақының өсімінен жоғары соған сәйкес азаматтардың үй сатып алуға деген қабілеттіліктері төмендеп жатыр. Сол үшінде азаматтар көбінесе 7-20-25, Әскери баспана, Наурыз сияқты жеңілдетілген ипотекалық жүйелерге қарай жақын баруға тырысады. Бірақ та оның өзі де шектеулі.

Былтыр автонесиелер көлемі алғаш рет ипотекамен теңескен еді. Ал биыл алғашқы 3 айда бұл көрсеткіш 20 пайызға азайып, 1,2 млн болған. Базардағы баға тұрақты болғанымен, сатып алушылар аз. Кәріс пен жапонның, неміс пен қытай көліктерінің саудасы да көңіл көншітпейді.

САНАТ НҰРБАЙ, АВТОСАРАПШЫ:

Былтырғы есеп бойынша 70 пайызға жуығы көлікті несиеге алып алды. Соны алып алғандар енді түсінді. Мысалы, былтыр 15 миллионға алған көлік құны 10 миллионға түсіп қалды. Енді алмағандар оны көріп отыр ғой. Көз алдарында көліктің бағасы төмендеп жатыр. Әлі де төмендей ме? Әлі де баға құлай ма деген үмітпен отыр да. Содан бірден көлікті кредитке алған тиімсіз екенін ұқты.

Бұрын азаматтар табысының едәуір бөлігін несие арқылы баспана мен көлік алуға жұмсаса, қазір көпшілік қаржылық мүмкіндігін мұқият есептейді. Бұл үрдіс тек Қазақстанға ғана тән емес. Әлемнің көптеген елдерінде жоғары инфляция мен қымбат несиелер ірі сатып алуларға деген сұранысты төмендеткен.