$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қызылордалық тұрғын өндірістік жарақаты үшін жұмыс берушіден өтемақы ала алмай отыр

Қызылордалық тұрғын өндірістік жарақаты үшін жұмыс берушіден өтемақы ала алмай отыр

Қызылорда облысы Дүр Оңғар ауылының тұрғыны өндірістік жарақаты үшін ешқандай өтемақы ала алмай отырғанын айтады. Анарбек Шарапатов былтыр күзде егіс басынан келе жатып жол апатына түскен. Салдарынан І топтағы мүгедек болып қалды. Алайда шаруақожалық жазатайым оқиғаға өздерінің кінәсі жоқ екенін айтып, бастарын алып қашуда.

Анарбек Шарапатов ауылдағы шаруақожалықта 30 жылдан астам уақыттан бері күріш орушы болып жұмыс істеген. Жол апаты болған күні трактордың тіркемесіне отырып 5 адам ауылға қайтып келе жатқан. Ол талапқа сай келмесе де, ауыл тұрғындары үшін қалып жағдай еді деп еске алады. Кенет үлкен жолдың үстінде жүйіткіген жеңіл көлік трактордың артынан соғыпты. Сол сәтте асфальтқа ұшып түскен. Бірнеше күн ес-түссіз жатып, қиын ота жасаттым дейді.  Алайда, шаруақожалық тарапынан әлеуметтік жауапкершілік аясында тиісті қолдау көрсетілмегеніне қынжылады.

АНАРБЕК ШАРАПАТОВ, ДҮР ОҢҒАР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Жамбас сынды, бел омыртқадан 2,3 омыртқа деді. Сосын жұлын сүйекке тақалып қалған ғой әйтеуір. Жұлынды тазалаған. Тік ішек жыртылған. Сол тік ішек үлкен дәретті ұстамайды. Үйдегі горшокке де жете алмай қаламын кей кездері. Төрағамыз да келді. 200 мың ақшалай көмек берілді. Әлі де көмек болады бәрің бір-бір үйдің азаматы, асыраушысыңдар ғой деп уәде беріп кеткен. Бірақ сол уәде сол күйінде қалды.

Анарбек Шарапатов 5 баланың әкесі. Оның 2-еуі студент. Қазір барлық жүк отасының мойына артылғаны қабырғасына бататынын айтады. Сондықтан шаруақожалық тарапынан ай сайынғы өтемақы тағайындалса деген талабы бар. Ал серіктестік жол апатына біздің қатысымыз жоқ, трактор тіркемесіне өздері отырған деп бастарын алып қашуда.

МОЛДАБЕК АХМЕТОВ, «ЖАҢАЖОЛ» ЖШС-НІҢ ЗАҢГЕРІ:

Өндірістік жарақат босын, жұмыстан кейін. Өзінің кінәсінен істелген. Қазір сол іс қысқарды. Еңбек испекциясы өтірік жазды 100 пайыз деп. Тергеулер қозғаған Еңбек инспекциясының кінәсі бұл жалған жазған дейді. Жарақат жол көлік оқиғасынан, асфальтқа құлағаннан орын алған. Соған байланысты енді бұлар ауруханада жатқан соң шаруашылық өз бастамасымен материалдық көмек бердік.

Іс бойынша Еңбек инспекциясы өкілдері Анарбек Шарапатовтың өндірістік жазатайым оқиға кезінде  жарақат алғанын растап отыр. Орын алған жағдай 100 процент жұмыс берушінің кінәсінен екенін айтуда.

БАҒЛАН ЖҰМАНОВ, МЕМЛЕКЕТТІК ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ КОМИТЕТІНІҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Мүгедектік тағайындалғанға дейін жұмыс беруші серіктестік тарапынан жұмысқа жарамсыздық парағын төлеуге міндеттеледі. Орташа жалақының 100 пайыз көлемінде. Денсаулығына келген зиянды өндіру мәселесін айтып кететін болсақ бұл жерде жазатайым оқиғалардан сақтандыруға жұмыс беруші міндеттеледі.

Кісі қолына қарап қаралған атпалдай азамат енді сотта әділдік орнайды деп үміттеніп отыр.