$523.58 €549.71 ₽5.01
×

Қарағанды облысында Ресей жаңа зымыранды сынақтан өткізді

AstanaTV
12.02.2018ж. 20:00
3461
Қарағанды облысында Ресей жаңа зымыранды сынақтан өткізді

Ресей әскерилері Қарағанды облысындағы Сары-Шаған полигонында жаңартылған зымыранды сынақтан өткізді. Бұл шара сәтті жүзеге асырылған. Ресей Қорғаныс министрлігіне қарасты басылымның хабарлауынша, заманауи гипер дыбысты зымыранның әлемде баламасы жоқ. Барлық параметрлер бойынша қолданыстағы НАТО классификациясының «ГАЗель» зымыранынан асып түседі. Әсер ету қашықтығы 100 шақырымға жуықтаса, тосқауыл жасау биіктігі 30 шақырым. Сондай-ақ қарсы тараптың шартты баллистикалық нысанасын бірнеше секундта жоюға қауқарлы.

Андрей Приходько, РФ әуе-ғарыш күштеріне қарасты бірлестік қолбасшысының орынбасары:

Зымыран жаңғыртудан өткен ПРО жүйесіндегі барлық компоненттер сияқты белгілі бір аумақты сенімді қорғай алады. Бұл дербес немесе топтық зымырандық шабуылдар болуы да мүмкін. Тіпті құрлықаралық баллистикалық зымыранды пайдалана отырып, қарсыластың зымыранға қарсы жүйесін айналып өте алады.

Айта кетейік, сынақ өткізілген Сары-Шаған әскери полигонын Ресей Қорғаныс министрлігі жалға алған.