Не
өлі, не тірілер қатарында жоқ. Атыраулық зейнеткер 25 жылдан бері жеке басын
растайтын құжат ала алмай жүр. 64 жастағы Ұштап Мұханова құзырлы органдардың
табалдырығын тоздырған.
Зейнет
жасындағы әйелдің айтуынша, 1990 жылдары
баспанасы өртеніп, құжаттары жойылған. Содан бері жеке басын растайтын куәлігін
қалпына келтіру қияметке айналған. Халыққа қызмет көрсету орталығы зейнеткерді
көші-қон басқармасына жіберген, ал олар Ұштап Мұханованың тұрғындар тізімінде
жоқ екенін айтқан.
Ұштап
Мұханова, Атырау қаласының тұрғыны:
ЦОН-ға
барсам, «миграционныйға бар» дейді, миграционныйға барсам, «ЦОН-ға бар»,-
дейді. Екі ортада жүріп-жүріп шаршадым. Бәлен документ жинадым. Не пенсия
алмаймын, не үй жоқ, жүргеніміз - осы. Не өлінің, не тірінің қатарында жоқпыз
осы тұрғанда.
Ұштап
Мұханова Ресейде дүниеге келіп, кейін Алматы облысына қоныс аударған. Ал
Атырауға 1978 жылы көшіп келген. Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз
қызметінің дерегінше, жеке басын растайтын куәлік алуға зейнеткердің өзге
мемлекетте туғаны кедергі болған. Ресейдің Волгоград облысына жіберілген
сұраныс-хатта, Ұштап Мұханова туралы дерек жоқ, деген жауап алынған. Енді
мұндай сұраныс-хатқа жауабын Алматы облысынан күтіп отырғандарын жеткізді.
Гүлнәзира
Мұхтарова, Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:
Бұл
азаматша мектепті Алматы облысының Шелек селосында бітіргенін айтты. Біздің
ойымызша, бұл азаматша сол мектеп қабырғасында кәмелетттік жасқа толғаннан кейін
ғана рәсімдеуі мүмкін. Сондықтан біздің тарапымыздан Алматы облысы Еңбекші қазақ ішкі істер
бөліміне де Ұштап Мұхановаға қатысты сұраныс хаттар жолданды. Осы жіберген
сұраныс хаттарға жауап келгеннен кейін ғана қорытынды шығарылатын болады.
Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ