$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Алматыда кене көбейіп кетті

AstanaTV
11.06.2026ж. 19:00
Алматыда кене көбейіп кетті

Алматыда кене қаупі өршіп тұр. Дәрігерлер дабыл қағуда. Маусым басталғалы бері зиянкестерден зардап шегіп, медициналық көмекке жүгінгендердің саны 3 мыңнан асқан. Бұл көрсеткіш былтырмен салыстырғанда тым жоғары.

Алматыда биыл кенелер ерте оянып, тұрғындарға шабуыл жасауда. Әсіресе, жасөспірімдерге қатысты жағдай жиі тіркелді. Тұрғын үй аулаларында, киімге үйіле жабысып, тіпті кірпіктен де табылып жатыр.

БЛИЦ:

- Иа, кенелер биыл көбейіп кетті. Танысымның баласын шағып, ауруханаға жүгінді. Бүріккіш сеуіп, сақтанып жүрміз.

- Ұзын киініп жүреміз, балаларымызды да сөйтеміз, ұзын киініп жүрсін, аяқтары жабық болсын деген сияқты.

- Саябақ, тауларда жарайды түнісінікті, бірақ тұрғын үйлер маңында, кішкентай бұталар үстінде көбейіп кеткен. Жақында танысым зардап шекті.

Қалада залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Екінші кезең 6 мамырда басталып, бүгінде 2006 гектар жер дәріленген. Соған қарамастан зиянкестің құрбаны болып, ауруханаға түскендер легі толастар емес. Департамент мәліметінше, қалада кене энцефалитінің 2 жағдайы және Лайм ауруының 2 жағдайы тіркелген.

АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ:

Биыл кене белсенді болатын маусым өткен эпидемиологиялық жылдармен салыстырғанда ертерек басталды. 11 маусымдағы жағдай бойынша Алматы қаласының медициналық ұйымдарына кене шағу бойынша 3 016 адам жүгінді. Бұл өткен жылдың осы кезеңіне қарағанда 15 көп. Кенелер ерте көктемнен күз соңына дейін белсенді болады.

Қансорғыштар жабысқан жағдайда 96 сағат ішінде дәрігерге қаралу маңызды. Себебі жүйке жүйені зақымдайды, мүгедек болып қалу қаупі де бар. Қаладан тыс жерде шақса алғашқы көмекті дұрыс көрсету маңызды. Ал алдын алудың ең тиімді жолы екпе салдырту дейді мамандар.