$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Атырауда басталғанына 4 жылдан асқан жаяу жүргіншілер жолының құрылысы әлі күнге бітпей тұр

Атырауда басталғанына 4 жылдан асқан жаяу жүргіншілер жолының құрылысы әлі күнге бітпей тұр

Атырауда басталғанына 4 жылдан асқан жаяу жүргіншілер жолының құрылысы әлі күнге бітпей тұр. Әу баста 186 шақырымды құрайтын тратуарға  қала қазынасынан  2 млрд теңге  бөлінген. Алайда араға уақыт салып, жоба құны 3 есеге  қымбаттап шыға келді. Оған  жобаға енгізілген өзгерістер себеп болды,- дейді жауаптылар. Жобадан қандай шикіліктер анықталды? Құрылыс биыл біте ме? Тілшіміз тарқатады.

Қала маңындағы жаяу жүргіншілер жолының сиқы - осы. Бардюрды қалай-солай тастап, ішіне қиыршық тас төге салған. Кейбірінде құм ғана жатыр. 4 жылдан бері қараусыз қалған құрылысқа  тұрғындардың өкпесі қара қазандай. 

ДӘМЕГЕН ОМАРОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Бастағасын аяқтау керек қой. Адам жүретін жол жоқ былай қарағанда. + Мысалы, мына балабақшаның қасынан түстік, жол жоқ. Таспен жүре алмаймын мен. Сондықтан жолсыз жермен жүріп келе жатқаным сол. 

ЖҰМАГҮЛ ҚОСАЛМАСОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Жауын жауғанда  тіпті жүре алмаймыз. Жалғыз машианың жолымен жүреміз мысалға,  әрине қауіпті балалар жүреді. Ана аялдаманы 5 жыл күттік қой, енді 5 жылда істелетін болар.

Ұзындығы  186 шақырымды құрайтын 188 көшеге  жаяу жүргінші жолын салу жұмысы 2022 жылы басталған. Қазынадан 2 млрд теңге  бөлініп,  2 мердігер мекеме белгіленіпті. Алайда мердігер мекеме  басшылығы  жоба бойынша құрылыс жүргізуден бас тартқан. Өйткені жобада  тратуардың астына құм төсеп, бетіне бірден асфальтпен жабу көрсетілді,-дейді.   Одан  өзге де кедергілер шығып, жобаны өзгертуді сұраған.

АЗАМАТ ҚАЛЫБЕК, МЕРДІГЕР КОМПАНИЯ ӨКІЛІ:

Былай айтқанда, шикі жоба, ешқандай піспеген салу керек деп беріп тұр. Оны естіп алған халық  күн сайын шулайды. Бұл тасырыс берушінің қателігі болып есептелетін болар. Себебі 2019 жылғы жобамен 24,23 жылға  жобалаушылардың арасында  ешқандай байланыс жоқ. Бір үлкен қателіктер әрбір жобалаушылардың түспейтін жобаның ішіне енгізілмейтін инженерлік сеттер бар. 4 жыл ішінде уақыт өте  жыл сайын баға жыл сайын өсіп жатыр. Материалға да, соған сәйкес корректировкадан өтуін сұрап, арттарынан  қуалап біршама жүріп қалдық.

Осылайша жоба  құны 4 жылда 3 есеге өсіп, 6 млрд теңгеге жеткен. Түзетуден өткен құжатқа  былтыр  шілде айында  ғана  оң қорытынды шыққан.  Шенділер жобаны жасақтаған компанияға бірнешерет ескерту беріп, хат жолдадық,- дейді.

АЛМАС СӘРСЕНОВ, АТЫРАУ ҚАЛАЛЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ, АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жобалау-сметалық құжаттама сараптамадан алынғанан кейін  бүкіл кемшіліктер құрылыс барысында  жоба бойынша анықталған кемшіліктерге жауапкершілік  сараптамалық және бас жобалаушыға жүктелу керек заң аясында . Біз өз тарапымыздан хат жазған болатынбыз. Ескерту берілді. Алайда біз компанияның лицензиясынан айыру бізің құзырымызда жоқ.

Осылайша 2023 жылы аяқталуы тиіс құрылыс  әлі күнге созылып келеді. Жауаптылар жарты жолда қалдырған жолдарды биыл желтоқсанға дейін аяқтаймыз,- деп ант-су ішіп отыр.