Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Оңтүстік Қазақстан облысында газ бағасы қымбаттаған

AstanaTV
12.02.2018ж. 20:00
5751
Оңтүстік Қазақстан облысында газ бағасы қымбаттаған

Оңтүстік Қазақстан облысында газ бағасы қымбаттаған. Тұрғындар бір текше метр көгілдір отынға 32 теңге төлейді. Өткен жылы жаздан бері газдың бөлшек саудадағы бағасы 12 пайызға өсті. Бұл туралы Энергетика министрлігі мәлімдеді,- деп жазады LS порталы.

Тариф құнының артуы алматылықтар мен Жамбыл облысы тұрғындарының да қалтасын қағып отыр. Қостанай облысында бір текше метр газ үшін тұрғындар 25 теңге төлейді.  Атырауда - 20 теңге. Батыс өңірлерде көгілдір отынның құны әлдеқайда арзан. Ақтауда текше метрі 19 теңге, Оралда 15, Ақтөбеде - 12 теңге. Бағаның шарықтауы Қызылорда облысына айтарлықтай әсер етпеген. Мұндағы баға 17 теңге. Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары үшін көгілдір отынның  бағасы бір текше метр үшін 10 теңге. 

Диана САПАРҚЫЗЫ