Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Оралда жаңадан салынған көпқабатты тұрғын үй газдан ажыратылды

AstanaTV
12.02.2018ж. 20:00
3076
Оралда жаңадан салынған көпқабатты тұрғын үй газдан ажыратылды

Оралда 161 пəтерлік көпқабатты үй газдан ажыратылды. Газберушілер бұл үйдің жаңадан салынғанын, әрі газ желісіне заңсыз қосылғанын айтады. Қазір үйге газды кімнің рұқсатсыз қосқаны тексеріліп жатыр. Торыққан тұрғындардың мұңы туралы келесі бейнематериалда.

Кенжебай Бассаров былтыр жаңа баспанаға қоныстанған. Аяқ астынан көгілдір отыннан ажыратылғанына наразы. Анықтай келе, газға заңсыз қосылғандарын естіп, аң-таң.

Кенжебай Бассаров, Орал қаласының тұрғыны:

Майдан сентябрьдің аяғына дейін газ болған жоқ, сосын қосты. Білмеймін қалай қосқанын, әйтеуір қосты, берді. Газ болды. Сосын екі-үш күн болды сөндіріп салды, ескертпей, газ жоқ, газсыз отырмыз. Енді қалай күн көреміз?

Газ беруші мекеме өкілдерінің сөзінше, кез-келген ғимаратқа газ өткізу үшін бүкіл техникалық құжаттар рәсімделіп, «ҚазТрансГазАймақ» мекемесінен рұқсат алынуы керек. Бірақ үйді салған мердігер мұны ескермеген. Енді оған газды заңсыз қосқаны үшін айыппұл салынбақ.

Нұржан Жолдасбеков, «Қазтрансгазаймақ» АҚ БҚОФ директорының бірінші орынбасары:

Осы күнге дейін бұл кісілердің бізде ешқандай жүйеде тіркелгісі жоқ. Ақша төленбей келген. Штраф салынады. Өйткені бұл жерде заңсыз газ тұтыну фактісі орын алып отыр. Сол себепті қазіргі таңда біздің мекемемен қандай шығын көлемі саналуда.

Ал үйді салған мердігерлер мұны тұрғындардың жағдайын жеңілдетпек болдық деп түсіндірді.

Исмаил Нұрғалиев, мердігер мекеме өкілі:

Газ құбырларын қысыммен тексеріп, есептегіштерді орнаттық. Әрине, заңсыздыққа барғанымызды мойындаймыз. Бірақ қатты қиналған тұрғындарды аяп, бірнеше подъезге газ қостық. Осыған дейін жұмсалған газдың ақысы есептегіш құрылғылардағы көрсеткішпен төленеді.

Еркін Карин, тілші:

Қазір құжаттарды рәсімдеп жатқанын айтқан мердігерлер, бұл іске кемінде бір ай уақыт керек, дейді. Жалпы былтыр Оралда газ желісіне заңсыз қосылудың 236 дерегі анықталған. Олардың ішінде жеке тұрғын үйлермен қатар мекемелер де бар.

Еркін КАРИН