Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Г. Вишневская олимпиада ойындарында 20-шы орынға табан тіреді

AstanaTV
12.02.2018ж. 20:00
1754
Г. Вишневская олимпиада ойындарында 20-шы орынға табан тіреді

Спорт әлемінің басты деген жаңалықтар легіне кезек берейік.  Онымен әріптесім Дәуренбек Бақдәулетұлы таныстырады.

Юлия Галышеваның жүлдесі Қазақстанның ақ олимпиададағы медальдік есепке енуіне жол ашты. Қазір еліміз жалпы есептік көрсеткіште 13-ші орында тұр. Дәл осы сатыда, яғни қола медаль алғандар арасында Италия да бар. Алдағы екі апта бойына жарыс жалғасын табады. Алайда, кей спортшылар үйге қайтуға ыңғайлана бастады. 19 жастағы спортшымыз Никита Копыренко шанамен сырғанау бойынша жарысын тәмәмдады. Ол мәреге 36-шы болып келген.

Галина Вишневская болса 10 шақырымдық жарыста үздік 20-лықты қорытындылады. Ол биатлонда бір мәрте мүлт кеткен. Тағы бір жерлесіміз Дарья Климина нысана көздеуде 8 мәрте сәтсіз өнер көрсетті. Жарыста неміс спортшысы Лаура Дальмайер жеңіске жетті. Одан соң Словакиялық спортшы келсе,  француз спортшысы Анаис Бескон үздік үштікті қорытындылаған. 

Олимпиада ойындарында кей спопртшылар жарысты әлі бастай алмай жатыр. Бұған ауа-райының қолайсыздығы себеп. Жылдамдыққа сырғанау бойынша шаңғышылар әлі сөре сызығына тұрмаған. Өйткені қатты жел басылмай тұр. Онда біздің жерлесіміз Игорь Закурдаев та бар. Бұл спорт түрінен жарыс ақпанның 15-ші жұлдызына белгіленді.