$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Эстетикалық гимнастикадан Азия чемпионаты басталды

14.06.2026ж. 00:27
Эстетикалық гимнастикадан Азия чемпионаты басталды
Фото: ҰОК

Сары құрлық біріншілігі елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

Байрақты бәсекеге әлемнің 10 елінен 345 спортшы келді. Олар 6 медаль жиынтығын сарапқа салады.

Айта кетейік, спорттың бұл түрі елде 8 жылдан бері дамып келе жатыр. Осы уақытқа дейін 211 халықаралық дәрежедегі спорт шебері және 409 Қазақстан Республикасының спорт шебері даярланды.