Екі жүлде де алтын болды. Тұғырдың ең биік сатысына Рамазан Айнегов пен Ясмина Бузуртанова көтерілді.
Айнегов U17 жас санатында чемпион атанды. «Суперспринт» дисциплинасында қазақстандық спортшы мәреге 00:25:49 уақыт көрсеткішімен бірінші болып жетті.
Ал 15 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы жарыста Ясмина Бузуртанова қашықтықты 00:30:56 нәтижесімен бағындырып, алтын медаль иеленді.
14 маусымда, эстафеталық жарыстарда жүлделер сарапқа салынады.