Астанада да жол-көлік оқиғасы орын алып, төрт адам зардап шекті. Оқиға Орынбор көшесі мен Мәңгілік Ел даңғылының қиылысында болған. Changan маркалы автокөліктің жүргізушісі солға бұрылу кезінде бағдаршам талабын сақтамай, қарсы бағытта келе жатқан Mitsubishi көлігімен соқтығысқан. Қатты соққыдан кейін Changan көлігі жол жиегіндегі бағдаршам тірегіне барып соғылған. Салдарынан жүргізуші мен үш жолаушы түрлі жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілді. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жол апатының барлық мән-жайын анықтауда.
АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ:
Оқиғадан кейін екі көлік те эвакуацияланып, коммуналдық айып тұрағына қойылды. Сонымен қатар тәртіп сақшылары екі жүргізушінің де мас күйде болмағанын атап өтті. Сараптама нәтижесінде олардың ағзасынан алкогольдік немесе өзге де масаңдық белгілері анықталмаған.