Алматы облысында ер адам жеке үйді есірткі зертханасына айналдырған. Ішкі істер министрлігі мәліметінше, 29 жастағы ер адам Қарасай ауданындағы жер үйде синтетикалық есірткілерді заңсыз өндіріп келген. Көлемі шамамен 125 мың бір реттік дозаға тең. Қажетті жабдықтар мен химиялық реагенттерді интернет арқылы сатыпты. Тінту кезінде 28 келіден астам есірткі мен 880 литр прекурсор және арнайы зертханалық жабдықтар тәркіленді. Күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалды.
ЕЛДАР ӘБДІКЕНОВ, ҚР ІІМ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Бұл факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-1-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Баптың санкциясы өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына дейін көздейді.