$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Щучинск - Бурабай жолында автобус апатқа ұшырады

AstanaTV
15.06.2026ж. 19:00
Щучинск - Бурабай жолында автобус апатқа ұшырады

Ақмола облысында жол-көлік оқиғасынан 11 адам зардап шекті. Оқиға Щучинск -Бурабай автожолында болған. Астана – Бурабай бағытымен демалушыларды тасымалдап келе жатқан Volvo автобусы Changan автокөлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан автобус ішіндегі 9 жолаушы мен жеңіл көліктегі 2 адам жарақат алды.

ДАНИЯР АМАНЖОЛ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ПД ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Автобусы жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, Changan көлігімен соқтығысқан. Одан кейін ағашты басып өткен. Жол көлік апаты дерегі бойынша тексеріс жүргізілуде.