$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Трамп 80 жас мерейтойын салтанатты түрде атап өтті

Трамп 80 жас мерейтойын салтанатты түрде атап өтті

Иа, Трамп пен Иран соғысты тоқтату туралы келісімге келді. Осы жұма тараптар Швейцарияда ресми түрде қол қоймақ. АҚШ Президенті салтанатты түрде өзінің 80 жас мерейтойын атап өтті. Осыған орай, көптен бері айтылып жүрген UFC турнирі Ақ үйде өткізілді. Шартараптағы соңғы жаңалықтарды Еркелді Тілеуқұл шолып шықты.

Трамптың туған күні UFC турнирімен аталып өтті. Аралас жекпе-жектен әлемдегі басты промоушнның белбеу турнирі АҚШ Президентінің 80 жас мерейтойына арнап ұйымдастырылды. Тіпті, мемлекеттік туды суреттеген ұшақтар да әуеде ерекше көзге түсті. Трамп, бұл менің туған күніме емес, Тәуелсіздік күніне арналған шаралардың бастауы деп сылтауратты. Өзінің жақын жақтастарының бірі – Дана Уайтпен бірге жекпе-жек шеберлерінің айқасын тамашалады. Октагондағы басты бәсекеде Джастин Гэйтжи осыған дейін жеңіліс көрмеген Илья Топуриядан айласын асырды.

Трамп Иранмен соғысты тоқтату туралы келісімге келді. Бұл туралы алғаш болып бітімгер болған Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф мәлімдеді. Кейіннен бұл ақпаратты Трамптың өзі растады. Еуропаға «Үлкен жетілік» саммитіне аттанған АҚШ Президенті, Кәрі Құрлықта Иран билігімен кездесіп, келісімге қол қоятынын да хабарлап үлгерді. Женевадағы бейбіт саммит жұма күні болады деп күтілуде.

ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Бүкіл әлемді осы қуанышты жаңалықпен құттықтаймын. Ешқандай төлемсіз Ормуз бұғазының ашылуы туралы уағдаластық. АҚШ теңіз күштері теңіз блокадасын толығымен аяқтайды. Бүкіл әлем кемелері бұрынғыша емін-еркін қозғалып, мұнай саудасы қайта жанданады. Таяу арада келісімге қол қоямыз.

АҚШ-тың Миссури штатында ұшақ құлап, 12 адам қаза тапты. Pacific Aerospace P750 әуе кемесі Skydive Kansas City компаниясына тиесілі болған. Ішінде бір ұшқыш және 11 парашютпен секіруді көздеген турист болды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жетіп, жылдам ауыздықтап үлгергенімен, 12 адам тіл тартпай кеткен.

ЧАД АНДЕРСОН, БАТС КАУНТИ ҚАЛАСЫНЫҢ ШЕРИФІ:

Бүгін сағат 11:30 шамасында ұшақ құлады. Бұл – үлкен трагедия. Ұшақ – коммерциялық рейстерге арналмаған. Соған қарамастан, қауіпсіздік техникасы сақталмағанын осы бастан байқауға болады. Өзге ақпаратты мәселенің мән-жайы анықталған кезде ғана айта аламыз.

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында да тікұшақ құлады. Ішінде болған 6 адам оқиға орнында ажал құшты. Тікұшақ автотұраққа құлап, 20 көлік артынша өртеніп кетті.