$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қараөткел тұрғындары ауызсуға зәру

AstanaTV
15.06.2026ж. 19:00
Қараөткел тұрғындары ауызсуға зәру

Ақмола облысы Қараөткел ауылында ауызсу мәселесі ушығып тұр. Тұрғындардың айтуынша, соңғы екі айдан бері су тәулігіне санаулы сағатқа ғана беріледі. Мәселеден мезі болған ауыл тұрғындары жиналып, жауапты мекемелерден нақты шешім талап етті. Ауызсу тапшылығына не себеп? Әріптесім Айғаным Тұрысбек тарқатады.

Елорданың іргесінде отырса да, тіршілік нәріне зар болған халық су ақшасын уақытылы төлеп отырғанын айтады. Соған қарамастан, су күніне графикпен беріледі. Салдарынан үй тірлігі тоқтап, киім-кешек пен ыдыс-аяқты жуудың өзі мұңға айналған.

САБИЛА ТҰҢҒЫШБАЕВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Бізді суды алайық осындай графикпен аламыз. Сосын резвраны толтырғаннан кейін тоқтатылады деді. Міне 2 ай ай болды сол мәселе.

МАДИНА АХМЕДБЕКОВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Жыл сайын, бір күн емес, екі күн емес. Пәлен жыл жаз бойы кейде қыста да сусыз отырамыз. Ана жерде прорев, мына жерде прорев ешқандай жерге крандар қойылмаған. Учетчик қойылмаған сондықтан су ұрланып жатыр.

БАҒЛАН ҚУАНДЫҚ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Кешкі 6-дан түнгі 12-ге дейін істейді. 12-ден таңғы 6-ға дейін сөндіріп тастайды. Таңғы 6-дан 9-ға дейін қосып, 12-ге дейін өшіріп тастайды. Құрбан айт күні мүлдем өшіріп тастады.

Тексеріс жұмыстары барысында 50-ге жуық абоненттің жүйеге заңсыз қосылғаны анықталды. Жеке кәсіпкерлер суды егін егуге, балық шаруашылығына және жеке бассейндерді толтыруға пайдаланып келген. Соның әсерінен қараша халық ауыз суға зар болып отыр. Ал тиісті мамандар бұл жағдайды уақытында бақыламаған.

МАРЖАН МАЛГАЖДАРОВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Қаражардағы бүкіл бассейінді жабыңыздар. Из за них мы страдаем. Пәлен бассейн ашып қойды. Они деньги зарабатывают. Екі айдан асып кетті, 2 сағат су бересіңдер масқара ғой.

НҰРЖАН САРМАЕВ, «ЦЕЛИНОГРАД СУ АРНАСЫ» ШЖҚ МКК БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Уақытын мен шын айтам айта алмаймын. Ертеңгі күні қандай жағдай болады біз әрекет жасап жатырмыз.

Бұл түйткіл тек бір ғана елдімекенде емес. Қараөткелден басқа, іргелес жатқан Қаражар және Ақмол ауылдарында да су мәселесі әлі күнге дейін өзекті болып тұр.

СҰЛТАН ӘЛИАСҚАРОВ, ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ ТИКШ БӨЛІМІНІҢ АТҚАРУШЫСЫ:

Бүгіннен бастап дайындық жұмыстары. Ертең 2 скважина Қараөткелде істеп береді. Енді мен айтпаймын бір-екі к.н деп где то 1 апта, 10 күн ішінде.

Қараөткелде халық саны жыл сайын көбейіп келеді. Алайда соған сай инфрақұрылымның дамуы ақсап тұр. Тұрғындар ауызсу тапшылығынан бөлек, жолдың сапасы мен көше жарығының мәселесі де шешілмей отырғанын айтады.