$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ауғанстан арқылы жаңа транзиттік маршруттар дамиды

Ауғанстан арқылы жаңа транзиттік маршруттар дамиды

Еуропалық Одақ пен Орталық Азия елдері Ауғанстан арқылы өтетін жаңа көлік-транзиттік маршруттарды бірлесе дамытуға уағдаласты. Бұл шешім Орталық және Оңтүстік Азия арасындағы сауда-экономикалық байланысты күшейтіп, аймақтық интеграцияны нығайтуға серпін бермек.  Маңызды уағдаластық Алматыда, БҰҰ-ның Өңірлік орталығы алаңында өткен арнайы өкілдер мен елшілердің сегізінші отырысында қабылданды. Жиын барысында халықаралық дипломаттар Ауғанстандағы қазіргі жағдайды және оның аймақтық қауіпсіздікке ықпалын егжей-тегжейлі талқылады. Ең бастысы тараптар бұл елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына барынша жәрдемдесуге дайын екендіктерін жеткізді. Халықаралық коалиция мүшелері алдағы уақытта да Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру және аймақтық қауіпсіздікті нығайту бағытындағы бірлескен жұмыстарды жалғастыра береді.

ЕРЛАН ЖЕТІБАЕВ, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар Ауғанстандағы бейбітшілікке, тұрақтылыққа және орнықты дамуға жәрдемдесу, сондай-ақ бүкіл өңірдің қауіпсіздігі мен өркендеуін қамтамасыз ету мақсатында орталық Азия мемлекеттері, Еуропалық одақ және БҰҰ құрылымдары арасындағы өзара іс қимылды одан әрі нығайтуға белділігін растады.