$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Түркістан облысында «AL-FARABI» республикалық интеллектуалдық ойыны өтті

Түркістан облысында «AL-FARABI» республикалық интеллектуалдық ойыны өтті

Заң мен тәртіп. Қаржылық қауіпсіздік. Түркістан облысында ұйымдастырылған республикалық инттелектуалдық ойын бүгінгі күннің өзекті тақырыптарын қамтыды. Облыстық Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің бастамасы және өңір әкімдігінің қолдауымен «AL-FARABI» республикалық интеллектуалдық ойыны Шардара қаласында өтті.

Шардара қаласында өткен Республикалық интеллектуалдық ойынға еліміздің бірнеше өңірінен 200-ге жуық команда қатысты. Ашық аспан астындағы ауқымды шараға мыңға жуық адам жиылды. Мектеп оқушыларынан бастап мұғалімдер, мемлекеттік қызметшілер, қоғам белсенділері мен қала тұрғындары осында. Іс-шараның негізгі мақсаты жастардың интеллектуалды ой-өрісін кеңейту, яғни еліміздегі интеллектуалды жастардың жаңа легін қалыптастыру,- дейді ауқымды шараға ұйытқы болғандар. 

ЕРТАЙ АЛТАЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

3Бүгінгі шарамыздың атауы –Әль-фараби, жаңа атап өткендей Әл-Фарабиді өздеріңіз білесіздер, біздің Түркістан облысының тумасы, қазақтан шыққан ең ұлы ұстаздардың бірі. Дүниежүзіндегі ең мықты ең мықты ең әйгілі, ең танымал екі ұстаз болса Аристотельмен бірге бір қатарда тұрған Әл-Фараби.  Сол үшін біздің жастар білсін деп.

 

Іс-шараның мақсаты – Жаңа Қазақстанды құруға бағытталған конституциялық реформаларды қолдау, жастар арасында құқықтық мәдениетті нығайту, қаржылық қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру, жастардың зияткерлік әлеуетін дамыту және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Заң мен Тәртіп» қағидатын кеңінен насихаттау.

ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚАРЖЫЛЫҚ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Осы жерге келген адам ол тек ойынға қатысып қана қоймай пайдалы ақпарат алады. Кейін үйге барып, мысалы жақындарымен, туыстарымен, бауырларымен бөліссе ол аталған ойынның мақсатының орындалғаны. Яғни барынша адамдарды қамту біздің мақсатымыз. Қаржылық қауіпсіздік тақырыптарына қатысты ақпарат беру.

Интеллектуалдық дода барысында қатысушылар тарих, құқық, экономика, қаржылық қауіпсіздік, мемлекеттік басқару, ұлттық құндылықтар және жалпы танымдық бағыттар бойынша әзірленген сұрақтарға жауап беріп, өзара білімдері мен логикалық ойлау қабілеттерін сынға салды.

НҰРЛАН ОРЫНБАСАРҰЛЫ, «АЛТЫН ОРДА» ТОБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Жалпы бүгінгі интеллектуалды сайыс өте керемет  жоғары дегейде өтіп жатыр. Сұрақтар өте керемет құрастырылған.  Тағы да осындай ойындар жиі болып тұрса. Бұл ойын бізді жастарды жан-жақты ойлауға, дамуға әсер етеді. 

Инттеллектуалдық ойын барысында сонымен қатар қаржылық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, интернет-алаяқтық пен дроперлік схемалардың алдын алу, заңға құрмет пен құқықтық сананы нығайту мәселелеріне де ерекше назар аударылды.