$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді құттықтады

15.06.2026ж. 18:16
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді құттықтады
Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет

Президент атап өткендей, бұл тарихи уақиға аты аңызға айналған отандасымыздың жаһандық спорттағы қолтаңбасы айрықша маңызға ие екенін айғақтайды. Сондай-ақ Қазақстанның әлемдік аренадағы шынайы келбеті мен беделін қалыптастыруға қосқан елеулі үлесін көрсетеді.

Мемлекет басшысының пікірінше, Геннадий Головкин – еліміздің мақтанышы әрі халықаралық спорт қоғамдастығындағы елшісі.  

«Қасым-Жомарт Тоқаев дүние жүзіндегі ең үздік боксшылардың бірінен үлгі алған жас спортшыларымыз жігерленіп, биік белестерді бағындыра беретініне сенім білдірді,-деп жазды Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.