$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Атасы мен алты жасар немересінің мәйіті табылды

Атасы мен алты жасар немересінің мәйіті табылды
фото скрин

Құтқарушылар Тобыл өзенінен 1967 жылы туған ер адам мен 2020 жылы туған баланың мәйітін тапты. 

Құтқарушылар олардың денесін 14 маусымнан бері іздеген еді.

«14 маусым күні Қостанай ауданының Алтын Дала ауылы маңындағы Тобыл өзенінде шомылуға тыйым салынған жерде екі адамның суға кету фактісі тіркелді. Олардың бірі – 2020 жылы туған бала еді», - деп хабарлайды аймақтық төтенше жағдайлар департаменті.

Алдын ала мәлімет бойынша, отбасы өзен жағасында демалып отырған кезде бала су жиегінде ойнап жүріп, қатты ағыс аймағына түсіп кеткен. Оны көрген атасы немересін құтқаруға ұмтылған, алайда, өзеннің қатты ағысы оны да ағызып әкеткен.

«Бүгін, 16 маусым күні Қостанай облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары  2020 жылы туған баланың денесін оқиға орнынан шамамен 1,5 шақырым төмен жерден тауып, судан шығарды. Сондай-ақ, Жедел-құтқару жасағы мен еріктілер 1967 жылы туған ер адамның денесін бес шақырым жерден тауып, судан алып шыққан», - деп хабарлайды ТЖД.