$487.73 €558.99 ₽6.63
×

Медицина қызметкерлері марапатталды

Медицина қызметкерлері марапатталды

Өз ісінің үздік мамандары марапатталды. Елордада еліміздің әр түкпірінен келген медицина саласының қызметкерлеріне арналған салтанатты шара өтті. Алғаш рет номинациялар бойынша әр саланың үздік дәрігерлері де анықталды. Денсаулық сақтау министрі ақ халатты абзал жандарға ведомствалық наградаларды ғылыми орталықтардың мамандарынан бастап, ауыл мейірбикелеріне дейін табыстады. Ақмарал Әлназарованың айтуынша, адами капиталды сақтау әр ауыл емханасынан басталады.

ГҮЛЖАН ЖҮСІПБАЕВА, «ҮЗДІК АУЫЛ МЕЙІРГЕРІ» НОМИНАЦИЯСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ:

Еңбегімнің арқасында және науқастарымның алғысының арқасында осы күнге жеттім деп есептеймін. Марапат мен үшін қадірлі-қасиетті. Өйткені, бұл марапат бүкіл ауыл медицинасының, оның ішінде, мейіргерлер еңбегінің еленгені деп білемін.