$488.37 €559.77 ₽6.64
×

«QYMYZ FEST - Қымызмұрындық 2026» этнофестиваліне 100-ден астам адам қатысты

«QYMYZ FEST - Қымызмұрындық 2026» этнофестиваліне 100-ден астам адам қатысты

Елордада ұмыт қалған дәстүрдің бірі – «Қымызмұрындық» тойланды. Ежелде қазақ халқы қыстан аман, төрт түліктің түгел шыққанын ауыл-аймақты жинап атап өткен. Алғашқы бие сауып, қымыз ашытып, дәм тату осылайша, бөлек мейрам болып қалыптасқан. Қалалық белсенді ұзақ өмір сүру орталығы мен ақсақалдар кеңесі осы салтты сақтап қалу үшін екі жыл бұрын алғаш рет ұйымдастырды. Бүгінгі тойда қала тұрғындарына қымыз бен бауырсақ таратылып, ақсақалдар концерт өткізді. Одан бөлек, барлық қатысушылар асық ату, ләңгі тебу мен тоғызқұмалақ секілді ұлттық ойын түрлерінен сайысқа түсті.

КЕНЖЕБОЛАТ БАПИШЕВ, БЕЛСЕНДІ ҰЗАҚ ӨМІР СҮРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Келер ұрпаққа ата-бабадан қалған дәстүрді мұра етіп қалдыру – басты мақсатымыз. Бүгінгі күні бұл қандай мейрам деп көпшілік сұрап жатыр.

КҮЛМӘШ ТӨЛЕМБАЙҚЫЗЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Биені сауып, қымызды ашытқаннан кейін, ауылдың ақсақалдары мен әжелерін шақырып, бата алған. Осының өзі Қымызмұрындық деп аталады. Бұл – өте маңызды салт-дәстүр.