$488.37 €559.77 ₽6.64
×

Бір күнде 4 мың неке қиылмақ

AstanaTV
19.06.2026ж. 19:00
Бір күнде 4 мың неке қиылмақ

26.06.2026. Қайталанатын цифрлар комбинациясы күні  елімізде нағыз «неке бумы» болмақ. Дәл осы датада 4 мыңға жуық жұп шаңырақ көтеруді жоспарлап отыр. Жастар неліктен бұл күнді таңдады? Салтанатты сәттің сырын Айғаным Тұрысбек зерттеп көрді.

2026 жылдың алтыншы айының 6-шы күнінде  үш мегаполистің тұрғындары әдемі күнде некесін заңдастыруды шешкен. Алматыдан 830 жұп өтініш берген. Астанадан - 740, Шымкенттен -141 өтініш түскен.  "Азаматтарға арналған үкімет" әдемі үйлескен күнді пайдаланып, некесін заңдастыратын қазақстандықтар көп. Мұндай күні сұраныс та көп болады. Той салондары мен тойханаларда ерте дайындалған.

ТОЙХАНА ИЕСІ:

26-на мүлдем орын жоқ. Үлкен залды да кіші залды да 4-5 ай бұрын броньдап етіп қойған. 08.08.2026 бронь қойып қойғандар бар.

26.06.2026. Бұл бір ғасырда келетін дата. Қайталанатын цифрлар комбинациясы нумерологияда ерекше үйлесім мен тәртіп сезімін тудыратын символикалық күн саналады. Қазіргі таңда тіпті отау құрар алдында туған күндері арқылы бір-бірінің артық әрі осал тұстарын біліп алатын жастар көбейген. Алайда, 6 мен 8 сандары жақсы мағына бергенімен, бұл датаны толықтай кепілдік беретін «ең оңтайлы күн» деп айту қиын дейді маман.

АЙЖАН ЖОЛДЫБАЕВА, НУМЕРОЛОГ:

2 саны бізде одақты, серіктетсікті, коммуникацияны білдіреді. Ал 6 саны тұрақтылық пен еңбекқорлықтың белгісін білдіреді. Бірақ бұл күнге барлық іс-шараны жоспарлап қойғанмен, сол күні үйленсек бәрі керемет болады дегенді білдірмейді.

Дін өкілдері де сандар мен даталарға тылсым күш беріп, оған ерекше мән-мағына беруді құптамайды. Шариғат бойынша, шаңырақтың беріктігі сандарға емес, екі жастың бір-бірін түсініп, сыйласуына тікелей байланысты.

БАУЫРЖАН АБДУӘЛІ, ҚМДБ ШАРИҒАТ ЖӘНЕ ПӘТУА БӨЛІМІНІҢ МАМАНЫ:

Нумерология деген сандар арқылы болашақты болжауға тырысады ілім. Әрі сол сандардың адамға жағымды не жағымсыз әсері бар дейді. Мистикалық сенім ғой. Шариғатта ешқандай негіз жоқ. Бұл ешқандай ерегеде, дәлеге де сүйенбеген жай бір болжам.

«Әдемі күндердегі» уақытша қарбаласты есепке алмағанда, жалпы статистика көңіл көшітерлік емес. Қазақстандықтар қазір бұрынғыға қарағанда сирек үйленетін болған. Мәселен, өткен жылы елімізде 116 мың неке тіркелсе, бұл көрсеткіш бұдан 10 жыл бұрынғы деңгеймен салыстырғанда тура 20 пайызға аз. Бақытты сандар емес, саналы таңдау құрайтынын уақыттың өзі дәлелдеп жатқандай.