$488.37 €559.77 ₽6.64
×

Астанада бір көше уақытша жабылады

Астанада бір көше уақытша жабылады
Фото: Azattyq Rýhy

«Алматы көшесі бойымен Мәңгілік Ел даңғылынан Сауран көшесіне дейінгі учаскеде көлік тоннелін салу» жобасы аясында 20 маусымнан бастап ағымдағы жылдың соңына дейін Алматы көшесінің Ақмешіт көшесінен Түркістан көшесіне дейінгі бөлігі толық жабылатын болады.

Сонымен қатар, Алматы көшесі мен Ақмешіт көшесінің, сондай-ақ Алматы көшесі мен Түркістан көшесінің қиылыстары ашық болады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады. Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды және қала бойынша қозғалыстарды жоспарлау кезінде оларды алдын ала ескеруді сұраймыз.