$488.37 €559.77 ₽6.64
×

Түркияда туристер мінген автобус апатқа ұшырады: 5 адам қаза тапты

21.06.2026ж. 11:12
Түркияда туристер мінген автобус апатқа ұшырады: 5 адам қаза тапты
Фото: Day.Az

Апат салдарынан бес адам қаза тауып, тағы 25 адам түрлі жарақат алды.

Оқиға Ыспарта провинциясының Гелендост ауданында болған. Hürriyet газетінің мәліметінше, Ыспарта – Конья тасжолымен келе жатқан туристік автобус белгісіз себеппен жолдан шығып кетіп, Бағыллы елді мекені маңында аударылған.

Оқиға туралы хабар түскеннен кейін апат орнына жедел жәрдем бригадалары, өрт сөндірушілер, полиция қызметкерлері, жандармерия мен құтқарушылар жіберілді.

Алғашында төрт адамның қаза тапқаны және 26 адамның зардап шеккені хабарланған болатын. Олардың бесеуінің жағдайы ауыр деп бағаланған. Кейін жараланғандардың бірі дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан ауруханада көз жұмды.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, автобус туристік сапар аясында Коньядан Ыспартаға бағыт алған.

Қазір жол апатының нақты себептері мен барлық мән-жайы анықталып жатыр.