$467.48 €539.52 ₽5.73
×

Қазақстан құрамасы көркем жүзуден күміс жүлде иеленді

21.06.2026ж. 12:19
Қазақстан құрамасы көркем жүзуден күміс жүлде иеленді
Фото: ҰОК

Қазақстандық спортшы Виктор Друзин Торонтода өтіп жатқан көркем жүзуден Әлем кубогінің суперфиналында ел қоржынына кезекті медальді салды. Ол ерлер арасындағы еркін бағдарламада үздіктер қатарынан көрінді.

Друзин еркін бағдарламаның финалдық бәсекесінде турнирдің ең жоғары нәтижелерінің бірін көрсетіп, Әлем кубогінің күміс жүлдегері атанды. Бұл марапат Қазақстан құрамасының Канададағы бұл додада жеңіп алған екінші жүлдесі болды.