Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

«Жас Отан» жастар қанатының қызылордалық белсенділері жаңа жобалар әзірлемек

AstanaTV
14.02.2018ж. 19:00
2567
«Жас Отан» жастар қанатының қызылордалық белсенділері жаңа жобалар әзірлемек

«Жас Отан» жастар қанатының қызылордалық белсенділері бірнеше жобаны талқыға салды. Оның бірі - Startup nation. Жаз мезгілінде жастарды жинап, IT саласына енгізуді жоспарлап жүрген жобаларын әзірлемек. Қолдау тапқан жоба авторлары ірі бизнес жүргізуге жолдама алуы да мүмкін. Жобаны жастардың өздері іске асырмақ. Аймақтағы тәжірибелі бизнесмендер оларға кеңес беріп, көмек көрсетуге әзір.

Талғат Тлес, «Жас Отан» ЖҚ Қызылорда қалалық бөлімшесінің басшысы:

«Кедергісіз кәсіп» деген жобаны бастағалы отырмыз. Яғни бізге кәсіпкерлермен бірге еркін пікір алмасу, кәсібін бастағалы жүрген жастармен еркін пікір алмасу алаңын ұйымдастырамыз. Бұл жердегі мақсат - олардын қиындыққа төзіп және де керекті ақпараттарды алып, тиісті органдардан, қорлардан қаржылау қолдау алуын біз көздейміз.