Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Астаналықтар ерекше саяхатшыны көріп таң қалды

AstanaTV
14.02.2018ж. 20:00
2959
Астаналықтар ерекше саяхатшыны көріп таң қалды

Астаналықтар ерекше саяхатшыны көріп таң қалды. Қара түлкі елорданың көшелерін кезіп, иттерді абалатқан. Ол жабайы аңдар паналайтын орынды екі жылдан бері мекендеп келеді. Жуырда тағы бір тұқымдасы пайда болғанын көріп, қашуға әрекет жасаған. Жаңадан келген түлкі төбені тесіп, соны пайдаланған қара түлкі көше кезіп кетеді. Артынша оны еріктілер ұстап алған.

Астанадағы мыңнан астам қаңғыбас ит пен мысықтың тұрақты мекеніне айналған орында соңғы бірер жылда түлкілер де пайда болған. Солардың бірі кіп-кішкене сары түлкі. Оны құтқарушылар жуырда тауыпты. Әлдебір пысықайлардан 80 мың теңгеге сатып алған қайырымды адам оны осы жерге өткізген.

Диана САПАРҚЫЗЫ