$488.37 €559.77 ₽6.64
×

Астана күніне орай қазақстандықтар неше күн демалады?

21.06.2026ж. 20:36
Астана күніне орай қазақстандықтар неше күн демалады?
Фото: top-fon.com

2026 жылы Қазақстанда Астана күні дүйсенбіге түседі, сондықтан кейбір тұрғындар шілдеде қатарынан үш күн демалады.

eGov порталында жарияланған мереке және демалыс күндерінің күнтізбесіне сәйкес, жыл сайын 6 шілдеде аталып өтетін Астана күні биыл дүйсенбіге түсіп тұр.

Аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 4 шілдеден 6 шілдеге дейін қатарынан үш күн демалады. Ал аптасына алты күн жұмыс істейтін қазақстандықтар тек 5 және 6 шілдеде ғана демалады.