Өскеменде
адам тәнін саудалады деп айыпталған қылмыстық топтың үш мүшесі 7 жылға бас
бостандықтарынан айрылды. Айыпталушы орындығында ер адам және оған көмектескен
екі әйел. Сот залында оқылған деректерге сүйенсек, олар бойжеткендерді
алдап-арбау арқылы Біріккен Араб Әмірліктеріне жезөкшелікпен айналысуға
жіберуге әрекеттенген.
Істің материалдары бойынша, қылмыстық топтың
жұмысы жүйеленген. Алдымен, ер адам қыздармен танысып, сыйлық ретінде оларға
шетелге саяхаттауға ұсыныс жасапты. Қылмыскерлердің ізіне түсуге зардап шегуші
қыздың бірі қол ұшын берген. Дегенмен, сот процесі барысында айыпталушылар
кінәләрін мойындаған жоқ. Айтуларынша, жезөкше болуға қыздардың өздері
келіскен. Қылмыстың жолы кесілуіне байланысты сот үш сотталушыға жеңіл жаза
тағайындады.
Алмат
Исахан, Өскемен қаласының №2 сотының судьясы:
Жеті
жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазасын жалпы тәртіптегі
түзету мекемесінде өтейтін болады. Сот залынан қамауға алынсын.
Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ