$487.01 €557.87 ₽6.59
×

Атырауда ірі сауда желісі жұмысшылары 3 айдан бері жалақы ала алмай жүр

Атырауда ірі сауда желісі жұмысшылары 3 айдан бері жалақы ала алмай жүр

Атырауда ірі сауда желісі жұмысшылары 3 айдан бері еңбекақысын ала алмай жүр. Сөрелері қаңырап, есігіне құлып салынған сауда желісі басшылығы жұмысшылардың зейнетақы мен медициналық сақтандыру жарналарын да аудармаған. Шағым айтып барғандарға өз еріктерімен арыз жазуға кеңес беріпті. Қарыз астына қалған қарапайым жұмысшылар жауаптылардың есігін тоздырып көмек сұрап жүр. Әзірге  - нәтижесіз.

Бұл шарасыздықтан әбден шаршаған жұмысшылар. Көпшілігі  әмбебап дүкен ашылғаннан бері тұрақты еңбек етіп келген.  Айтуларынша,  2025 жылы басшылық ауысқаннан кейін, мекеменің жұмысы кері кетіпті. Қарыз бастан асып, несие төлеуден қалдық. Тіпті ауырып, ем іздеп барған кезде медициналық сақтандыру төленбегенін  емдеу мекемесінен бір-ақ білдік,- дейді   әбден ашынған жұмысшылар.

ЕЛДОС ИМАНОВ, ҚОЙМА САҚТАУШЫСЫ:

Біздерге сәуір айынан бастап жалақы ешқандай төленіп жатырған жоқ. Жұмысты жасатып жатыр. Осы 9-маусым күні өзім  денсаулығыма байланысты больничныйға шыққым келді. Тіпті больничный ашпай жатыр поликлиникалар. Басшылар  ешқандай компрамиске келмейді. Екінші ай болды  қысқарту деді.  Қысқартудан 300 адамнан қалған адамдар қалды.  Ол адамдар 4 сағатпен жұмыс жасайтындар бар.

БАҚТЫЛЫ АЙСИНА, АСПАЗ:

Бізге 3-4і деді, одан кейін 15і деді. Одан кейін 20сы деді. Прокуруатураған 5ші күні барып арыздарын барып жазды. Бірақ ешқандай шығып жатқан жоқ нәтиже. 10 жыл болды осының ішінде жасағалы ашылғаннан бері жасап келе жатырмыз. Бізге өз еріктеріңізбен арыз жаз деп жатыр. Ақысыз күнге кет,-  дейді. Біздің қысқартыңдар деп отырмыз. Балам 11 бітіріп жатыр. Балама ештеңе бере алмай отырмын, не істеймін.

Мұндағы жүкті келіншектер демалысқа кету үшін құжатын жинақтай алмай жүр. Ал жоспарлы операцияға жатуы тиіс жұмысшылардың медициналық сақтандыруы болмағандықтан, ақылы қызметке жүгінуге кеңес беріпті. Мекеме тек өз жұмысшыларын емес, тауар жеткізуші серіктестерін де сан соқтырған. Мәселен, бес жылдан бері өнім жеткізіп келген  кәсіпкер  былтырдан бері  жеткізген тауардың ақшасын ала алмай  жүр.

АРНОЛЬД КУРБАНОВ, ТАУАР ЖЕТКІЗУШІ КОМПАНИЯ ДИРЕКТОРЫ:

Біз үнемі сотқа дейінгі хат  жібереміз. Әні төлейміз, бүгін төлейміз деп, 6 ай болды, қарыз 6 миллион теңгеге жуық.  2 жарым миллион марко,  супермарко сондай қарыз бар. байланысқа шықпайды. Біздер телефон соғамыз, келеміз,  өздері отырмайды бұл жерде.  Бізден басқа фирма көп.  Қарыз бар.  Тауарды алып кетейік десек, тауар да жоқ.  сөреде ештеңе жоқ.

Ұзақ күттірген компания басшысын  айлап айлық  ала алмай жүргендер жан-жақтан сұрақтың астына алды. Бірақ  көңіл көншірлік жауап естіген жоқ.  

РУСЛАН КИТАЕВ, КОМПАНИЯНЫҢ  БАС ДИРЕКТОРЫ:

Жалақы үшін ай емес, 10 күнге ғана қарызбыз. Қазір біздің компания мәселені құқықтық деңгейде шешіп жатыр.  Егер инвестор таппасақ,  компанияның мүлкін сату арқылы жұмысшылармен есептесеміз. Дәл қазір мен нақты осындай күні төлеймін деп айта алмаймын. 3 компанияда 400-ге тарата адам жұмыс істейді. Супермаркет қазір жабық тұр  қаржыландырудың жоқтығына байланысты. 

Жұмысшылар прокуратура мен еңбек инспекциясына арызданған. Басшысынан көңілі қалған көпшілік енді  тек құзырлы орган өкілдерінен ғана үміт күтіп отыр.