$487.01 €557.87 ₽6.59
×

Оралда «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында «50 жаңа аула» экологиялық тазалық акциясы жалғасын тапты

22.06.2026ж. 19:00
Оралда «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында «50 жаңа аула» экологиялық тазалық акциясы жалғасын тапты

Оралда «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында «50 жаңа аула» экологиялық тазалық акциясы жалғасын тапты. Былтыр іс-шара барысында 25 аула жаңартылған еді. Жаз басталғалы ерікті жастар тұрғын үй аулаларын қоқыстан тазартып, ойын құрал-жабдықтарын сырлауға кірісті. Қураған шөпті отап, жасыл желекті ретке келтірді. Бастама қаланың ажарын айшықтап, тұрғындардың жауапкершілігін арттыруға ықпал етпек. Игі іске кәсіпкерлер мен депутаттар да демеушілік жасап, қала тазалығына үлес қосып келеді.

НҰРСҰЛТАН СӘРСЕНБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАРМЕН ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Балалардың психологиясы қалыптасатын жер болғандықтан, бұл орын қаншалықты үйлесімді, әдемі, таза болатын болса, балаларымызды да солай экологиялық мәдениетке тәрбиелей аламыз деген ниетпен осындай жұмыс жүргізіп жатырмыз. Жоба мақсаты – өңірдегі аулаларды қайта қалпына келтіріп, балалардың ойынына жақсы жағдай жасау.