$487.01 €557.87 ₽6.59
×

Журналист Ерқанат Сәрсенбайұлын еске алуға арналған шағын футболдан турнир өтті

Журналист Ерқанат Сәрсенбайұлын еске алуға арналған шағын футболдан турнир өтті

Есімі естелікке айналған қаламгер. Қызылордада журналист Ерқанат Сәрсенбайұлын еске алуға арналған футболдан шағын турнир өтті. Ол өзінің саналы ғұмырын баспасөз бен телевизияға арнап, мемлекеттік қызметте де абыройлы еңбек етті. Халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған маман «Астана» телеарнасының өркендеуіне сүбелі үлес қосты. Еске алу турниріне БАҚ өкілдерінен құралған 6 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады. Жеңімпаздар қаржылай және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Шараға келген әріптестері ол туралы естеліктерімен бөлісті.

МҰРАТ ЖЕТПІСБАЕВ, ЖУРНАЛИСТ:

Қатарымызда жүрген әріптестің рухын құрметтеудің әдемі бір үлгісін көріп отырмыз. Ерқанатымыздың рухын жаңғыртатын алғашқы шараны жігіттердің өздері бастады. Өздері ұйымдастырды. Осының барлығы Ерқанаттың 40 жылға жетпейтін ғұмыр сүрсе де біздің Ерқанатымыздың елдің адамына, халықтың адамына айналып үлгергеніне белгісі.