$486.19 €554.26 ₽6.51
×

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметтен кетті

23.06.2026ж. 09:31
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметтен кетті
Фото: ҚФФ

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов ресми түрде қызметінен кетті.

Қазақстан футбол федерациясы Талғат Маруаұлының Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен кету туралы шешім қабылдағанын ресми түрде мәлімдеді.

«ҚФФ Талғат Маруаұлына кәсібилігі, ісіне деген адалдығы және Қазақстан ұлттық құрамасының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдіреді, сондай-ақ оған алдағы кәсіби қызметінде сәттілік тілейді. Бапкерлер штабын жасақтау бойынша алдағы қадамдар туралы қосымша хабарланады. Ұлттық құраманың алдағы матчтарға дайындығы қалыпты күйде жалғасады», – делінген ҚФФ хабарламасында.