$458.28 €501.45 ₽5.59

«Халықтық құрылыс» бағдарламасына бақылау жүргізетін мемлекеттік комиссияның құрамы бекітілді

«Халықтық құрылыс» бағдарламасына бақылау жүргізетін мемлекеттік комиссияның құрамы бекітілді

Мемлекет басшысы «Халықтық құрылыс» бағдарламасына бақылау жүргізетін мемлекеттік комиссияның құрамын бекітті. Оған уәкілетті мемлекеттік органдар басшылары, Құрылтай депутаттары, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері, журналистер, қоғам қайраткерлері, сарапшылар, өңірлердің және бизнес қауымдастықтың өкілдері енді. Комиссия мүшелерінің міндеті - инфрақұрылымдық жобалардың уақытылы әрі сапалы іске асырылуын қамтамасыз ету. Сондай-ақ бюджеттік тәуекелдерге, бөлінген қаражаттың тиімсіз жұмсалуына жол бермеу. Құрылысты жоспарлаудан пайдалануға беруге дейінгі жол қатаң тексеріледі. Мониторинг нәтижелері бойынша Президентке тоқсандық және жылдық есеп беріледі. Жоғары аудиторлық палата  мемлекеттік комиссияның жұмыс органы ретінде белгіленді.